Қазақ боксшысы Сабыржан Аққалықов қараша айында Ташкентте өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде өзбек боксшыларымен арада туған келіспеушілік туралы пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
1bol.kz жазуынша, Бұған дейін журналист Аслан Қаженов "Бірінші бол" арнасына берген пікірінде Аққалықовқа өзбек боксшылары жабылып кеткенін, ал қазақстандық спортшылардың араласпағанын айтқан болатын.
С. Аққалықовтың сөзінше, жанжал спарринг барысында шыққан.
"75 және 80 келіде алты адам болдық: төрт өзбек, екі қазақ. Спаррингтер кезекпен өтті. Алдымен Фазлиддин Эркинбоев, кейін Жавохир Умматалиевпен жұдырықтастым. Қарқын күшейген соң эмоция артып, маған шабуылдай бастады. Бірақ бәрі рингтің ішінде қалды. Эркинбоевпен ілінісіп, сол жерде эмоция тарқап, кейін қол алысып татуластық", – деді ол "Спорт Министрі" YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Айта кеткен жөн, Сабыржан Аққалықов пен Фазлиддин Эркинбоев IBA әлем чемпионаты аясында Дубайда жартылай финалда кездесуі тиіс болған. Алайда өзбекстандық боксшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан.