Енді азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдап, рәсімдейді.
Бүгіннен бастап көлік иелері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады
Фото: gov.kz
712
оқылды

Халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

— 5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда), — деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.