Жаңа Салық кодексінде бақылау жа­сау­ға емес, өзара серіктестік орнатуға ба­­са мән беріледі, яғни, осы үдеріске қа­­­­тысушылардың бәрі – мемлекет те, биз­­нес те, азаматтар да өз міндетін адал орын­дауға тиіс.
Президент салық реформасына қатысты ел ішінде дүрбелең туғызудың ешқандай жөні жоқ екенін айтты
365
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, салық реформасы – өзекті мә­селе және бұған қатысты пікірталастар­дың болуы әбден түсінікті. Бұл туралы Мемлекет басшысы  «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Дегенмен, ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүр­ліктірудің ешқандай жөні жоқ. Мұн­дай реформа көптеген елде жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ресейде қосымша құн са­лығы жуырда 22 пайызға дейін кө­теріл­ді. 

Біздің реформамыз – қатардағы «фис­калдық науқан» емес, салық жүйе­сін қайта құру деген сөз. Алдымызда тұр­ған басты міндет – экономиканың тұрақ­ты өсімін қамтамасыз ету. Үкіметке ашық әрі ұғынықты Салық кодексін әзір­леу тапсырылды. Министрлер каби­неті­нің бұл тапсырманы қаншалықты та­бысты орындап шыққанын биыл көре­тін боламыз.  

Бұрынғы Үкімет қосымша құн са­лығын, тіпті, 20 пайызға дейін көтеруді ұсын­ды. Олар фискалдық саясатта қате­лік жіберілгенін ескере отырып, мұндай қадамның өте қажет екенін мойындады. Талқылау барысында қазіргі Үкімет те қосымша құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді ұсынды. Алайда, мен Үкіметке оның жоғары шегін 4 сатыға төмендету туралы тапсырма бердім.  

Жаңа Салық кодексінде бақылау жа­сау­ға емес, өзара серіктестік орнатуға ба­­са мән беріледі, яғни, осы үдеріске қа­­­­тысушылардың бәрі – мемлекет те, биз­­нес те, азаматтар да өз міндетін адал орын­дауға тиіс. Бірін-бірі өзара толық­тырып тұратын мұндай жүйеде салық төлеу ауыртпалық ретінде қабыл­дан­бай­тын болады. Түптеп келгенде, салық тө­леу дегеніміз – заманауи қоғамдық ке­­­­­лі­сім­шарт деген сөз. Салық төлесеңіз – қыз­мет көрсетіледі, инфрақұрылым са­лы­нады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады. Керек десеңіз, бұл – әділдік болу үшін жүк­те­мені қайта бөлу құралы, әлеуметтік тұр­ғыдан әлсіздерді қолдау және эко­но­микалық тұрғыдан «белсенді ортаны» одан әрі дамыту тәсілі.            

Бүкіл әлемде фискалдық саясаттың тиім­­ділігі оны жүргізудің сапасымен, жұрт­­тың салық жөніндегі сауатымен жә­не қоғамның сана-сезімімен өл­ше­не­ді. Са­лық төлеу мәдениеті дәл осылай қа­лып­тасады. Салық төлеу бұрын міндет бол­­са, енді отаншылдықтың озық үлгі­сі­не айналады. Мұны сыбайлас жем­қор­лық­­қа қарсы қоғам құрудың төте жолы деу­­ге болады. Себебі, салығын адал тө­лей­тін азаматтар өз қаржысының алаяқ­­тар­дың қалтасында кеткенін мүл­дем ұнат­пасы анық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.