Жаңа Су кодексіне сәйкес, бұл мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді
Фото: iStock
145
оқылды

Жаңа жылдан бастап азаматтар арнайы су пайдалануға рұқсатты Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) арқылы ала алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру осы қызметті көрсетудің бүкіл циклін цифрлық форматқа толығымен көшіруге мүмкіндік берді.

Былтыр су пайдалануға қатысты есепті тапсыру да цифрлық форматқа ауыстырылған болатын. Сонымен қатар СРҰАЖ 11 мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланды.

Еске сала кетсек, Су ресурстары және ирригация министрлігі жерүсті және жерасты суы туралы барлық мәлімет жинақталатын Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірледі. СРҰАЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

«Жоба Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау аясында жүзеге асырылып жатыр. Ақпараттық жүйеде су ресурстарына қатысты барлық дерек орталықтандырылған түрде жинақталады. Бұл процестерді автоматтандыруға және нақты деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.