Елдің батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы қандай болады?
Фото: iStock
268
оқылды

6-8 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс бағыттан циклондар ығыса отырып, жауын-шашынның кезекті толқынын алып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес. Республиканың батысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болжанады, көктайғақ құбылыстары күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.

Ауа температурасының жоғарылауы батыс өңірлерде байқалады: түнде 5-16° аяздан 0-8° аязға дейін, күндіз 10° аяз – 3° жылыдан 3° аяз – 8° жылыға дейін көтеріледі.
Солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 3-16° аяздан 10-25° аязға дейін, күндіз 1-11° аяздан 5-15° аязға дейін.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді: түнде 1-16° аяз, күндіз 0-10° жылы, таулы аймақтарда түнде 0-10° аяз сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.