ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін, 5 қаңтар сағат 21:15-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Қостанай облысы:
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
Ақмола облысы:
- «Қостанай- Әуликөл- Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);
- "Жезқазған-Петропавл" 537-552 шақырым, Бұзылық а.- Сұрған қ.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.