Әнші Ернар Айдар жаңа жылда өзіне қымбат сыйлық алғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы өнер иесі өзінің желідегі парақшасында жариялаған.
"Ассалаумағалайкум баршаңызға! Жылдың басында осылай өз-өзіме сыйлық жасадым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Баршаңызға жұғысты болсын. Көрімдік жіберемін десеңіздер, қарсы емеспін. Алла баршамызға жар болсын", - деп жазды Ернар Айдар.
Алайда оқырмандар әншінің жол ережесін бұзғанын сынға алған.
"Патрульдік полициядан рұқсат алдың ба?", "Жүргізуші куәлігің кетіп қалмасын", "Көрімдік емес, айыппұл алатын сияқтысыз-ау", - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.