Ол маусымның үздік жартылай қорғаушысы атанды.
“Қайрат” клубының құрамында өзгеріс: командадан белгілі футболшы кетті
www.istockphoto.com
203
оқылды

 28 жастағы жартылай қорғаушы Гиорги Зариа "Қайрат" футбол клубынан кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Клубтың ресми мәліметіне сәйкес, "Қайрат" пен футболшы арасындағы келісімшарт мерзімі аяқталды.

Грузиялық жартылай қорғаушы 2024 жылдың басында "Қайрат" сапына қосылған болатын. Ол алғашқы ресми матчында дебют жасап, бірден гол соққан.  2024 жылғы маусымда Зариа жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 30 матчқа қатысып, 15 нәтижелі әрекетімен көзге түсті. Сөйтіп, ол маусымның үздік жартылай қорғаушысы атанды.

2025 жылғы маусымда Гиорги Зариа "Қайраттың" қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атануына, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуына және УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тарихи жолдама алуына зор үлес қосты.

Айта кетейік, Гиорги Зариа "сары-қаралар" жейдесінде барлығы 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Осылайша, ол "Қайрат" клубының тарихында өз есімін алтын әріппен қалдырды.