Тұрмыстағы келіншектер басқа бөгде адамдардың алдында жұқартып немесе қалыңдатып болса да боянуға болмайды.
Шариғатта әйелдердің сәнденіп, боянуына рұқсат етілген бе?
www.istockphoto.com
355
оқылды

Әйелдер мен қыз-келіншектерге шариғат шеңберінен шықпай сәнденуіне, боянуына рұқсат етіледі,  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, қыз-келіншектердің боянып, сәнденуіне рұқсат берілген. 

Құранда былай делінген: «(Уа, Пайғамбар!) «Алланың құлдарына шығарған әшекейлері мен ризықтардың жақсыларын харам етіп жүрген кім?» деп айт» [2]. Бұл аят кез келген әшекейдің негізі мубах (рұқсат) екендігіне дәлел [3].

Жәбирден жеткен хадисте: «Али Йеменнен Алла елшісінің түйесін алып келгенде, Фатиманың ихрамнан шығып, боялған киім кигенін және көзіне сүрме жаққанын көреді» [4]. 

Сондықтан әйелдерге сүрмеге рұқсат етілгендей, макияж, т.б. бояғыш заттармен боянуларына болады. Алайда төмендегі шарттардың сақталуы тиіс:

Күйеуінің және махрамдарының[5] алдында боянуы; Бұлардан басқа бөгде адамдардың алдында жұқартып немесе қалыңдатып болса да боянуға болмайды.

Зиян болмауы;

Ері қайтыс болған әйел идда мерзімін күтіп отырмаған болуы; Себебі әйелге идда мерзімінде сүрме жағуға, боянуға, иіс су себінуге болмайды [6].

Әдептілік шеңберінен шықпауы әрі қалыптасқан әдеп-ғұрыпқа қайшы келмеуі;

Ысырапқа жол бермеуі;

Бояғыш заттардың құрамында нәжіс, харам, су өткізбейтін нәрселер болмауы тиіс. Өйткені ғұламалар дәретте жуылуы тиіс болған ағзаларға және ғұсылда бүкіл денеге су жеткізу керектігіне бірауыздан келіскен екен.