Бұл жағдай бойынша жолаушының өзіне ешқандай түсінік берілмеген.
"Баласы болса да": FlyArystan жолаушыны рейске жібермей қойған
www.istockphoto.com
453
оқылды

5 қаңтар күні Алматыдан Астанаға қатынайтын FS-7061 рейсіне билеті бар жолаушыны баласымен бірге FlyArystan әуе компаниясы ұшаққа отырғызбай қойған. Осы оқиғаға қатысты әуе компания бүгін, 7 қаңтарда ресми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты әуе компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олардың мәлімдеуінше, жолаушылар орнында Алматы-Астана рейсінде отырғызу аяқталған кезде  орнында болмаған.

"Жолаушыларды отырғызудың барлық кезеңдері, оның басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруларды қоса алғанда, уақытылы және бірнеше мәрте жарияланды. Жолаушыларды отырғызу аяқталғаннан кейін және соңғы тексеруден соң алаңға жолаушылардың келмегені анықталды. Сағат 22: 13-те жолаушыларды отырғызу шарасы ресми түрде аяқталды. Сағат 22:15-те жолаушылар алаңға келді, бірақ барлық ұшу алдындағы процедуралардың аяқталуына байланысты оларды бортқа кіргізу мүмкін болмады. Қызметкерлердің барлық іс-әрекеттері авиациялық ережелерге және ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес орындалды", - делінген хабарламада. 

Айта кетсек, басынан өткен оқиғамен Facebook парақшасында Марлен Қалиев деген азамат бөліскен.  Оның айтуынша, ер адам әуежайға уақытылы жеткен.

"Аэропортта кісі көп болғандықтан, жолаушылар бір-бірін итере бастаған. Сондықтан баласымен шеткері тұра тұруды жөн көргенін айтады. Олар кісі аяғы саябырсығанда өздерінің рейске жіберілмейтінін естіген. Бұл жағдайда өзіне ешқандай түсінік берілмеген, - деп жазды ол парақшасында.