Әнші Бейбіт Қорған әлеуметтік желідегі парақшасында балаларымен бірге түсірген видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазбада өнер иесі ұлымен және қызымен әуен ырғағына билеп тұрғанын көруге болады.
"Алла бере салған Бексұлтан ұлым мен Балзия қызым", – деп жазды Бейбіт Қорған.
Желі қолданушылары әншінің өсіп қалған балалары бар екеніне таңғалысын білдіріп, жылы лебізін білдіріп жатыр. Сонымен қатар оқырманның басым көпшілігі әншінің ұлы да, қызы да өзіне ұқсағанын айтып, пікір жазған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.