Салдарынан әйел ауыр ішкі жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмды.
«Әйелін қасақана өлтірді»: прокурор Айбар Жанболатқа 15 жыл түрме жазасын сұрады
482
оқылды

Сотта прокурор мас күйде әйелі Айзат Жұманованы қасақана өлтірді деп айыпталған Айбар Жанболатқа 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 22 маусымда Талдықорған қаласында болған. Тергеу деректеріне сәйкес, Ақсу ауданының Баласаз ауылында туған 33 жастағы Айбар Жанболат мас күйінде үйінің алдында жұбайы Айзат Жұмановаға күш қолданған. Ол әйелді қолымен ұрып, басынан соққы жасаған, сондай-ақ аяғымен тепкен. Айзат оны тоқтатуды сұрағанына қарамастан, ер адам әрекетін жалғастырған.

Салдарынан әйел ауыр ішкі жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмды.

Сот отырысында Айбар Жанболаттың кінәсі толық дәлелденді. Прокуратура куәгерлердің айғақтары мен сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларын ұсынды. Куәгер Чеботареваның айтуынша, Айбар Жанболат әйелін бірнеше сағат бойы ұрып-соққан, ал оның айқайы мен көмек сұрауына қарамастан тоқтамаған.

Прокурор сотта дәрігерлер мен сарапшылардың қорытындыларын оқып беріп, Айзат Жұмановаға келтірілген жарақаттардың өмірмен үйлеспейтін деңгейде болғанын атап өтті. Сонымен қатар айыпталушының әйелін аулаға шығарып, сол жерде де ұруын растайтын деректер бар екені айтылды.

Айбар Жанболат Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушы оған орта қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

 

Прокурор Нұрлан Билібеков сотта сөйлеген сөзінде қамауда отырған уақытты заңға сәйкес қайта есептеуді және бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыруды өтінді.