Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында отбасылық сурет жариялап, жүрекжарды лебізін жеткізген.
«Сезімнің болмысы бөлек»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың тұңғыш қызы 18 жасқа толды
415
оқылды

Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышы Сезімнің туған күнін шетелде тойлады, – деп жазды Aikyn.kz.

Жұлдызды жұп үлкен қызының он сегізге толған күнін Мальдив аралдарында атап өткен. 

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында отбасылық сурет жариялап, жүрекжарды лебізін жеткізген.

"Негізі Сезімнің болмысы бөлек. Артық шуды, артық әрекетті, көп сөзді ұнатпайды. Өте мейірімді, Англияға оқуға түскелі мінезі де өзгеріп келеді. Тым бауырмал, аса сезімтал болған. Отбасымен ғана өткізетін уақытты қатты бағалайды. Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен. Өзіңдегі еркіндік, қарапайымдылық пен кең жүрегің сондай әдемі. Өмір жолың ашық болсын, кәмелетке толған менің үлкен бөпем", - деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.