2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отырыстың күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде болашақ бір палаталы Парламенттің атауы мен өкілеттіктерін талқылау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін өткен отырыстарда депутаттарға қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, квоталау мәселелері, сондай-ақ болашақ бір палаталы Парламенттің заң шығару қызметінің негізгі қырлары қаралған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.