Қазгидромет ертең, 10 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с. Ақтөбеде күндіз көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте 10 қаңтарда кей уақыттарда тұман түседі. Түркістанда кей уақыттарда тұман болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қостанайда тұман болады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Семейде жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Өскеменде жаяу бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады. Қызылордада кей уақытта тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 10 қаңтарда облыстың таулы аудандарында, 11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.