Астанада Толқын мен Дәулет Тотақановтарға үкім шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оларды интернет-алаяқтық пен балаға ем үшін жиналған қаражатты заңсыз жолмен иемденді деп айыптаған.
Сот әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру, 10 жылға дейін қайырымдылықпен айналысуға тыйым салу, мүлкін тәркілеу және жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу туралы үкім шығарды.
Толқын Тотақановаға жаза өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды, себебі оның кәмелетке толмаған баласы бар.
Тергеу мәліметі бойынша, жиналған қаражаттың басым бөлігі баланың еміне емес, букмекерлік ставкаларға, жылжымайтын мүлікке және депозиттерге жұмсалған.