Мерейтойға орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Бірінші ұлттық театрға 100 жыл: дәстүрлер, инновациялар және көркемдік трансформация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстаннан танымал ғалымдар мен өнер қайраткерлері, соның ішінде өнертану докторлары, профессорлар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Қатысушылар театрдың тарихы, оның рухани негіздері, даму кезеңдері және қазақ драматургиясындағы ұлттық идеяның рөлі туралы талқылады. Әсіресе, режиссурадағы дәстүр мен жаңашылдық, актерлік шеберлік және қазіргі заманғы көркемдік шешімдерге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар іс-шара аясында театр музейі «Ғасыр жасаған Ұлт театры» атты көрме ұсынды. Көрмеде театрдың 100 жылдық тарихын қамтитын фото және видеоматериалдар, архив құжаттары ұсынылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.