Марқұмның туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетова 27 желтоқсанда Наурыз Мұқанғалиевтан келген хабарлама жайлы айтты.
«Арыз жазып, неге дүрліктіресіз?»: Атыраудағы қанды қылмыстың беті ашыла бастады
188
оқылды

Атырау облысының Жангелдин ауылында бір үйдің екі адамы – Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Мұқанғалиева із-түзсіз жоғалып, әлі күнге дейін табылған жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Із-түзсіз жоғалғандардың ата-анасы – Мақсот Қарабалин мен жұбайының бұған дейін мәйіті табылған. "Qazaq AIRAN"редакциясының журналистері бұл оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін оқиға орнына, Жангелдин ауылына барды.

Марқұмның туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетова 27 желтоқсанда Наурыз Мұқанғалиевтан келген хабарлама жайлы айтты. Онда Наурыз өзіне тағылған күдіктер мен айналасындағылар тарапынан қысым болғанын меңзейді:

– Арыз жазып не дүрліктіріп жатсыз? Өзімізде проблема аздай. Пайдаларың тимесе де, зияндарыңызды тигізбеңіздер... Өз ата-анама өзім жауап берем... Тыныш өмір сүргізбедіңіздер жан-жақтан..., – делінген хабарламада.

Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев Наурыз туралы жылы пікірін білдіріп, оның ешқашан біреуге зиян келтіретін адам болмағанын айтты:

– Наурызбен кішкентайымыздан бірге өстік. Ешкімге қиянат жасамайтын, өзі үшін өмір сүріп жүрген, аузы ашылса, жүрегі көрінетін адам еді. Ауылдастары да оны жақсы таниды, жамандық жасайтын жан емес, – дейді ол.