Бұл өзгеріс Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағыттарына қатысты.
Air Astana рейстері Иран әуе кеңістігін айналып өтеді
Фото: iStock
90
оқылды

Air Astana компаниясы кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің Иран әуе кеңістігін айналып ұшатынын  мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Компания жолаушылардан рейс мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды. Себебі айналып ұшу салдарынан ұшу және қону уақыты өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Иран қауіпсіздікке байланысты ел үстіндегі әуе кеңістігін көп рейс үшін жапқанын мәлімдеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.