Әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Нақты тоқтамға келдім»: Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығын жеткізді
242
оқылды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жаңалығын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Депутат ойлана келе, өзінің YouTube-арнасын ашқанын мәлімдеді. Мақсат – заңдарды азаматтарға түсінікті әрі қарапайым түрде жеткізу.

«Үш жыл бойы ой елегінен өткіздім, әріптестермен талқыладым, барлық тәуекел мен мүмкіндікті сараладым. Нәтижесінде нақты тоқтамға келдім: биылдан бастап өз YouTube-арнамды қолға алып, қалың көрерменге тиісті контент ұсынбақпын.  Бұл арнаның негізгі мақсаты – заңдарды азаматтарға түсінікті әрі қарапайым түрде жеткізу. Яғни жаңа заң жобалары не үшін қажет, олар адамдарға қандай пайда береді, қабылданған нормалар іс жүзінде қалай жұмыс істейді – осының бәрі арнада ашық айтылады» - деді Асхат Аймағамбетов.

Айтуынша, арнада архивтік материалдар да жарияланады.

«Тек заң шығару туралы ақпаратпен шектелмейміз: 

1. Қабылданған заңдардың орындалу барысы;

2. Партиялық бағдарламалар аясындағы жұмыс;

3. Өз тәжірибем негізінде салалық сараптамалар да қамтылады.

Тақырыптарды жан-жақты талқылау үшін сарапшылар мен арнайы қонақтарды шақыру жоспарда.

YouTube-арнамен қазір де таныса аласыздар. Онда бірқатар архивтік материалдар бар. Алдағы уақытта жаңа контент тұрақты түрде көрерменге жол тартпақ. Арнаға жазылыңыздар. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді бірге талқылайық», - деді депутат.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.