Түркістан облысы Жетісай аудандық соты әкесіне балағат сөздер айтып, оны ұрып-соққан ер адамға қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сот отырысында айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда:
– 110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – дәрменсіз күйдегі адамды азаптау;
– 107-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы – дәрменсіз жағдайда тұрған адамға орташа ауырлықтағы қасақана денсаулыққа зиян келтіру.
Сот шешіміне сәйкес, жеңіл жазаны ауыр жазаға алмастыру арқылы айыпталушы орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде бес жылға бас бостандығынан айырылды.