Мемлекет басшысына 2025 жылғы қаржы нарығының қорытындылары мен алдағы міндеттер баяндалды.
Қазақстанда банктерге қысым күшейіп, мыңдаған қарыз кешірілді
264
оқылды

Жақында ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовасыны қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекет басшысына 2025 жылғы қаржы нарығының қорытындылары мен алдағы міндеттер баяндалды. Былтыр банк секторының орнықтылығы сақталып, банктердің активтері 11%-ға өсіп, 68,3 трлн теңгеге жеткен. Капитал жеткіліктілігі 20,7% болды.

Бизнеске берілген несиелер 17,9%-ға артып, 14,8 трлн теңгені құрады. Кәсіпкерлер 17,5 трлн теңгеге жаңа несие рәсімдеген. Сонымен қатар банктер 2,3 трлн теңгенің 8 ірі синдикатталған жобасын қаржыландырған.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін «Даму» қоры жанынан Кепілдік қоры құрылып, 505 млрд теңгеге несие кепілдігі берілді.

Тұтынушылық несие беру екі есе қысқарды. Халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алу мақсатында 703 мың азаматтың несиесі реттеліп, ішінара кешірілді. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң аясында банктер 56 мың адамның 209,7 млрд теңге берешегін есептен шығарды.

Қаржылық алаяқтыққа қарсы жаңа шектеулер енгізіліп, несиені рәсімдеу талаптары қатаңдатылды.

2025 жылы агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдарын жүздеген рет тексеріп, 641,3 млн теңге айыппұл салды. Микроқаржы және коллекторлық нарықтағы 58 ұйым лицензиясынан айырылды.