Бір тәулік ішінде шамамен 900 метрге жуық аумақты бақылауына қайтарды
Покровск маңында украин әскері аумақты өз бақылауына қайтарды
164
оқылды

Покровск маңында Украина Қарулы күштері бір тәулік ішінде шамамен 900 метрге жуық аумақты бақылауына қайтарды. Бұл туралы 7-шабуылдау-десант корпусына қарасты 132-ерекше барлау батальоны хабарлады. Әскери бөлімнің мәліметінше, операция тактикалық жағдайды жақсарту және қарсыластың белсенділігін төмендету мақсатында жүргізілген.

Операция барысында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарының операторлары аумақты әуеден үздіксіз бақылап, қарсыластың орналасуын анықтап, қозғалысын қадағалаған. Ал жердегі мобильді топтар квадроциклдер арқылы маневр жасап, аумақты тікелей тазартумен айналысқан.

Нәтижесінде аталған учаске толық бақылауға алынып, қарсылас бұл аумақты жасырыну мен маневр жасау үшін пайдалану мүмкіндігінен айырылды. Бұған дейін де украин әскері Покровск бағытында ілгерілеу байқалғаны хабарланған.