Кеңес дәуіріндегі ұжымдастыру науқаны жылқы шаруашылығына үлкен соққы болып тиді. Сол кезеңдегі саяси шешімдер қазақы жылқының гендік қорына әсер етті ме? Бұл сұрақты Aikyn.kz тілшісі белгілі тарихшы, ғалым, этнограф Ахмет Тоқтабайдан сұрады
1928 жылы ұжымдастыру басталғанда санақ бойынша қазақтың қолында 4,5 миллион жылқы болды. Қазақтың санының өзі 6 миллионнан асып тұрды. Ұжымдастырудан кейін кәмпескелеу басталды, сөйтіп қолындағы бар малын тартып алды. Тартып алғаннан кейін қазақ қиналып қалды. Сөйтіп, 1939 жылғы санақта 4,5 миллион жылқыдан 300 мың жылқы қалды. 6,5 миллион Алаш баласынан 2,3 миллион-ақ қалды. Қалғаны аштан қырылды. Осыдан-ақ ұжымдастырудың, аштықтың қазақты неге алып келгенін байқауға болады. Осы цифрларды салыстырудың өзі жетіп жатыр. Толып жатқан жылқы тұқымдары сол кезде құрып кетті. Осының бәрі шаруашылықтың кей түрлерінің күйреуіне алып келді. Қазақ аттан түсіп, жаяу күн көрді, содан бастап, халықтың рухы өшті, тақыр кедейленді, - деп жауап берді ғалым
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз