Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын кболады.
"Аяз, көктайғақ болады": 21 қаңтарға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
263
оқылды

Қазгидромет 21 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетауда түнде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оралда көктайғақ болады.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Жезқазғанда тұман түседі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/, күндіз екпіні 25 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.