Қазақстан Ұлттық банкі «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен бірлескен бағдарлама аясында білім гранттарына өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бағдарламаның мақсаты – Ұлттық банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау.
Оқу 2026 жылғы тамыз айында басталып, 2 академиялық жылға созылады. Университетке құжат қабылдау ісі 13 ақпанға дейін жалғасады. Оқуға түсу үшін университет пен Ұлттық банктің талаптарына және шарттарына сәйкес 2026 жылғы мамыр мен маусым айлары аралығында өткізілетін конкурстық іріктеуден өту қажет.
Оқуды аяқтағаннан кейін және екіжақты әңгімелесуден соң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне, оның филиалдары мен еншілес ұйымдарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылады, – делінген Ұлттық банк ақпаратында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.