Желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тіледі.
«Аллаға сансыз шүкір»: Ерке Есмахан отбасындағы маңызды күн туралы айтты
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
187
оқылды

Әнші Ерке Есмахан мен Райм шетелдегі отбасылық демалысынан сурет жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнерлі жұп шаңырақ көтергендеріне 3 жыл толуына орай  Мальдив аралдарында романтикалық демалыс ұйымдастырған.

"19 қаңтар. Шаңырақ көтергенімізге 3 жыл. Нәтижесі - бақытты біз және 3 ұл. Бәрін хайырлы етіп бұйырған Аллаға сансыз шүкіршілік айтамыз. Мальдив аралында, мұхиттың жағасында атап өттік", - деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тіледі.

"Бақытты болыңыздар", "Қандай әдемі жұп", "Бізге жұғысты болсын", "Маған да осындай күйеу бұйырсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.