Әнші көбіне балаларын ойлайтынын жасырмады.
«Жалғыз болсам, бұлай қорықпас едім...»: Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты
Фото: instagram.com/ akbotanurabaykyzy
316
оқылды

Әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмыс құруға қатысты пікірін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші көбіне балаларын ойлайтынын, сондықтан асығыс шешім қабылдамайтынын жеткізді.

"Тұрмыс құруға асықпаймын. «Аузы күйген, үрлеп ішеді». Екі балам болғаннан кейін ойланасың, көп қарайсың, оңай емес. «Менің болашақ жартымды олар қалай қабылдайды, қарым-қатынасы қалай болады?» деген сұрақтар жиі мазалайды мені. Кейде алаңдайтын, уайымдайтын, қорқыныш сезімі болады. Ажырасып, жалғыз болсам, бұлай қорықпас па едім… Екі балам болғаннан кейін, сәл қорқыныш сезімі бар. Бірақ 5 баласымен де алып жатыр ғой. Жасым келген жоқ әлі. Отызға да толған жоқпын. Жұмысым бар, әп-әдемімін. Өз-өзіме жауап бере алатындай мінезім де жеткілікті. Кез келген адамның бағын жағатын қызбын ғой негізі", - дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.