Айта кетейік, Әли Тұралыұлы 1985 жылы дүниеге келген. Ол 2026 жылдың 20 қаңтарында өмірден өтті.
«6 күн бойы комада жатты»: әнші Алтынай Жорабаеваның отбасы қара жамылды
628
оқылды

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасына түскен ауыр қайғыны әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әншінің айтуынша, оның қайнысы Әли Тұралыұлы 2026 жылдың 14 қаңтарында жол-көлік оқиғасына ұшырап, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Алты күн бойы комада жатқан марқұм 20 қаңтар күні көз жұмған. Ол 41 жасқа толуына небәрі төрт күн қалғанда жол апатына түскен.

«Қайным, Әли Тұралыұлы, 41 жасына толуына 4 күн қалғанда жол апатына ұшырап, 6 күн комада жатып, Раббысына қайтты. Папамның қасына сен де бардың… Жаның жәннатта болсын», – деп жазды әнші.

Жазбадағы жүрек ауыртар жолдардан марқұмның әкесінің де өмірден ертерек өткені аңғарылады. Қаралы хабар көпшіліктің көңілін босатып, әлеуметтік желі қолданушылары өнер иесіне және оның отбасына қайғыра көңіл айтуда.

Айта кетейік, Әли Тұралыұлы 1985 жылы дүниеге келген. Ол 2026 жылдың 20 қаңтарында өмірден өтті.