Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында анасына тілегін арнады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол анасын туған күнімен құттықтады. Сонымен қатар өзін өмірге әкелген адамды әлі күнге атымен атайтынын жеткізіп, оқырманды таңғалдырды.
"Мені 9 ай 10 күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп тапқан анам - осы кісі… Аты Манат… Мен бірақ қазақтың менталитетімен шешемді “шеше” демеген адаммын. Әлі күнге атымен айтамын... Бірақ іштей жақсы көремін, жүрегім елжірейді, іздеймін, мейіріміне мұқтажбын.. Қарақат Әбілдина орындайтын “Аяулы анам” осы кісіге арнап жазылған... Марқұм апам өле-өлгенше бөлектеп, қызғанып өтті... Маған деген шексіз махаббатын солай көрсетіп кетті.. Бүгін Аллахтың қалауымен анамыз 68 жасқа толып жатыр. Аллах бұл кісіні сүйеді.. Себебі отбасынан да, балаларынан да тек жақсылық көріп отыр. 11 немересінің сүйікті әжесі. Аллах анамызға иман байлығын нәсіп етсе екен, ауырмаса екен деп дұғамнан тастамай отырамын... Ин ша Аллах бірге қажылыққа да баратын күн алыс емес.. Маған ақылды сіңлілер, сабырлы бауыр туып бергенің үшін мың алғыс. Лайым, аналарымыз аман жүрсін...", - деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.