Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» қызметіне тиесілі тікұшақ Көкшетаудан Степногор қаласына екі жаңа туған нәрестені шұғыл медициналық эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2025 жылы туған егіз сәбилерге жедел медициналық көмек қажет болған. Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында рейс белгіленген уақытта сәтті орындалды.
ТЖМ мәліметінше, министрлікке қарасты тікұшақтар шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға дер кезінде көмек көрсету үшін тәулік бойы дайындықта тұр.