Билік өкілдері тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге және расталмаған хабарламаларға ермеуге үндеді
Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды: дүмпуі Ыстамбұлға дейін жетті
istockphoto.com
167
оқылды

Түркияның Балыкесир аймағына қарасты Сындыргы ауданында түнде 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

TRThaber мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 11 шақырым тереңдікте орналасқан. Дүмпу Ыстамбұл мен Измир қалаларында да сезілген.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда қирау немесе адам шығыны тіркелмеген. Аймақта мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Балыкесир облысының әкімі Исмаил Устаоглу жағдайдың тұрақты екенін айтып, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. Ал ішкі істер министрі Али Ерликая барлық тиісті қызметтер оқиға орнына жіберілгенін мәлімдеді.

Билік өкілдері тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге және расталмаған хабарламаларға ермеуге үндеді.