Қазгидромет қауіпті аймақтардың тізімін жариялады.
25 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды
391
оқылды

Синоптиктер 2026 жылғы 25 қаңтарда Қазақстанның ірі қалалары мен көптеген өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазгидромет қауіпті аймақтардың тізімін жариялады.

Ірі қалалардағы ауа райы болжамы:

– Алматы мен Қонаевта түнде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
– Шымкентте түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
– Астана мен Ақмола облысында оңтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, жаяу боран соғады.

Өңірлердегі ахуал:

– Жамбыл және Түркістан облыстарында таулы аймақтарда қалың қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
– Жетісу облысында, әсіресе Алакөл маңында жел 28 м/с-қа дейін күшейеді. Таулы жолдарда көктайғақ қаупі жоғары.
– Қарағанды және Ұлытау облыстарында қар жауып, жаяу боран мен тұман күтіледі.
– Қостанай, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында негізгі қауіп – қою тұман. Ақтау мен Маңғыстау облысының солтүстігінде тұманмен қатар көктайғақ болуы мүмкін.
– Абай облысының Жарма ауданында желдің күшеюі болжанып отыр.

Синоптиктер жүргізушілерге жолдардағы көктайғақ пен көрінудің төмендеуіне байланысты аса сақ болуды, мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауды ескертеді.