Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан.
Екеуі ауруханада, бесеуі мерт болды: Жетісуда жантүршігерлік жол апаты боды
472
оқылды

24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Жетісу облысы Ақсу ауданында «Көшкентал – Қапал» автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шығып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқа қарастырылып жатыр.

Тергеп-тексеру барысы Департамент басшылығының бақылауында.

Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбай, арақашықтықты сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырамыз,-делінген ведомство хабарламасында.