Видео әлеуметтік желіде жарияланды
Геннадий Головкинді Ташкентте жоғары деңгейде қарсы алды (ВИДЕО)
333
оқылды

Геннадий Головкин Ташкентке келді. Қазақстандық боксшыны әуежайда өзбек спорт қауымдастығының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

GGG-ді әйгілі футбол төрешісі, Өзбекстан футбол федерациясы басшыларының бірі Равшан Ирматов, сондай-ақ Өзбекстан бокс федерациясының президенті, Asian Boxing вице-президенті Сәкен Полатов күтіп алды. Сонымен қатар Геннадий Головкиннің Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Отабек Умаровпен кездескен сәті түсірілген видео да жарияланды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Ташкентке Азия Олимпиадалық кеңесінің ассамблеясына қатысу үшін келген.