Аталған оқиғаға байланысты Қарағанды облысының Спорт басқармасында аудит жүргізілетіні белгілі болды.
«Арандатуға ермеңіздер!»: Серік Сәпиевтің орынбасары даулы жағдайға қатысты үн қатты
352
оқылды

Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімханов даулы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қазіргі уақытта желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді.

«Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жалған ақпараттар тарауда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын», – деді Дәурен Есімханов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Сәпиевтің соққыға жығылып, оның орынбасарының тергеуге алынғаны хабарланған еді.

Оқиғадан кейін желіде жанжал сәті түсірілген бейнежазба тарады. Сол күні Серік Сәпиев даулы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасаған еді.

Аталған оқиғаға байланысты Қарағанды облысының Спорт басқармасында аудит жүргізілетіні белгілі болды.