Әлеуметтік желіде тараған видеодан көшеде келе жатқан қыздың артынан белгісіз әйелдің ілесіп жүргенін көруге болады.
«Мұны ауру болса да, шығарып жіберген»: Семейде белгісіз әйел бойжеткен қызды үйіне дейін аңдыған
340
оқылды

Семейлік бойжеткен көшеде өзінің қыр-соңынан қалмай, артынан ерген бейтаныс әйел туралы басынан өткен оқиғаны бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көшеде келе жатқан қыздың артынан белгісіз әйелдің ілесіп жүргенін көруге болады.

Бейнежазбада алдымен әйел басқа бағытқа бет алғандай болғанымен, қызды байқаған сәттен бастап оның соңынан ереді.

Қыз тұрғын үйдің кіреберісіне кірмек болған кезде, әлгі әйел де бірге кіруге әрекет жасаған. Бірақ бойжеткен қауіпсіздігін ойлап, бейтаныс адаммен қатар кіруден бас тартып, алдымен әйелдің өтуін өтінген. Осы жағдайдан кейін әйел ашуға беріліп, бейәдеп сөздер айтқан.

Аталған оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Пікір білдірушілердің көбі: «Түрі де, өзі де қызық екен», «Құдай сақтасын, қандай әйел бұл?», «Түнде жалғыз жүрмеңіздерші, қорқынышты» десе;

Кейбірі: "Бұл қызды білеміз, бұрыннан осындай", "психикалық ауытқуы бар", "бұны ылғи осылай шығарып жібере береді" деп   жазып жатыр.