Виолончелші Бағжан Октябрь әлеуметтік желіде тараған әрекеті үшін кешірім сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.
Қажылық сапармен Меккеге барған ол көңілді клубтық әуенмен контент жариялағаны үшін сынға қалған еді. Көпшілік оны қасиетті жерге құрметсіздік танытты деп айыптады. Музыкант видеоны жаман ниетпен салмағанын айтып, кешірім сұрады.
«Еш жаман ойсыз, күнде қолданатын TikTok дыбысына видео салған едім. Ұйқыдан тұрып қарасам, желіде шу басталып кетіпті. Бір сәтте күнәһар, тәкаппар, жауыз атанып шыға келдім. Иә, мүмкін қателескен шығармын, мойындаймын. Егер солай болса, жауапкершілігін өз мойныма аламын. Өмірімде ешкімге қиянат жасаған емеспін, тіпті жәндікке де зияным тимеген. Мұның бәрін сынақ деп қабылдаймын. Осындай сәттерде адам шыңдалады», – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.