17 жыл бойы құлдықта болған Құндыз бен Назгүл қамқоршысы Зүлфия Төленовадан алынып, арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Белгілі журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде Құндыздың аяқ-қолы байланған суреті тарағаннан кейін Тараз қаласына барып, зерттеу жүргізді.
Журналист жауапты мамандармен тілдесіп, қыздардың алдағы өмірі қалай болатынын сұрады. Қазір апалы-сіңлі қыздар әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылып, мемлекет қарауына өтті.
«Құндыз бен Назгүлді қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен қауіпсіз ортаға көшірдік. Уайымдамаңыздар. Алдағы уақытта қыздар осы жерде болады. Кейін олардың жағдайына сай жайлы әрі тұрақты орын қарастырамыз. Заңдастыру, құжат рәсімдеу процесі бар. Қыздардың жағдайына бейжай қарамай, уайымдап жатқан барша қазақ еліне үлкен рақмет», – деді Руслан Өтепбай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.