Қарағанды облысындағы ТЖД мәліметінше, оқиға салдарынан 4 адам зардап шеккен. 28 қаңтар күні олардың екеуі ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.
«17 литрлік газ баллоны жарылды»: Қарағандыда екі адам ауруханада көз жұмды
330
оқылды

Ғимарат ішінде 17 литрлік газ баллоны жарылып, соның салдарынан өрт шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қарағанды облысындағы ТЖД мәліметінше, оқиға салдарынан 4 адам зардап шеккен. Ал бүгін олардың екеуі ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

Екі науқас та медициналық мекемеге өте ауыр жағдайда жеткізілді. Алғашқы минуттардан бастап жансақтау бөлімінде тәжірибелі мамандардың қатысуымен барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алайда қабылданған емдік шараларға қарамастан, науқастардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады,  деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта тағы бір зардап шеккен адам ауруханада ем қабылдап жатыр, оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Төртінші адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.