ЮНИСЕФ Қазақстанда «Қазақстан балалары» (2026-2030) ұлттық бағдарламасының қабылдануын құптайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл – балалардың әл-ауқатын арттыруға, балаларды қорғау жүйесін нығайтуға және әрбір балаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді стратегия.
Біз #Қазақстанды әрбір баланың игілігі жолындағы батыл көшбасшылық пен нақты міндеттеменің айқын көрінісі саналатын «#ҚазақстанБалалары» ұлттық бағдарламасын қабылдағаны үшін жоғары бағалаймыз,-делінген X парақшасында.