Хатта өзін газ қызметінің өкілі ретінде таныстырған адам әншінің төлемей жүрген қарызы бар екенін айтқан.
«Соңғы ескерту...»: Мақпал Жүнісова өзін әлдекімдер қорқытып жүргенін айтты
262
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреудің қорқытып жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Айтуынша, әлдекімлер әншінің Астанада тұратын әпкесіне хат жіберген. Хатта өзін газ қызметінің өкілі ретінде таныстырған адам әншінің төлемей жүрген қарызы бар екенін айтқан. 

«Жүнісова Мақпал ханымға айтыңыз, үш жылдан бері төленбеген қарызы бар. Қызына бірнеше рет айтылды, өзі бізді бұғаттаған. Бүгін төлемесе, ертең газды өшіреміз. Соңғы ескерту», – деп жазылған хатта.

Әнші бұған таңданысын жасырмай, ешқандай қарызы жоқ екенін айтты. 

«Бұл қай қазақ мені қорқытып жүрген? Ешқашан қарызға батпаған адаммын. Астанадағы әпкеме хабарласыпты», – деді Мақпал Жүнісова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.