Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Астанада жол апатынан екі адам көз жұмды: полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: видеодан скрин
181
оқылды

Бүгін Астана қаласындағы көпірлердің бірінде жол апаты болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota автокөлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен келе жатып, көпір үстінде тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты. 

Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.