Өнер иесі өмірлік жар таңдауда айналаңның пікірінен гөрі, өз жүрегіңнің үніне көбірек құлақ түру керек екенін жеткізді.
«Өзіңнің жүрегіңді тыңдау керек екен...»: Мөлдір Әуелбекова өмірдегі өкінішін айтты
121
оқылды

Әнші Мөлдір Әуелбекова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында өмірдегі өкінішін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі өмірлік жар таңдауда айналаңның пікірінен гөрі, өз жүрегіңнің үніне көбірек құлақ түру керек екенін жеткізді.

«Бақытты боламын десеңіздер, жар таңдаудан қателеспеңіздер. Адам елдің емес, өзінің жүрегін тыңдауы керек екен. Мен 30 жасыма дейін тұрмыс құрып, ана атанғанға дейін үлкен қысымда болдым. Ағайын-туыс, дос-жаран тарапынан "Қашан?” деген сұрақ жиі қойылды», – дейді ол.

Мөлдір Әуелбекова түрлі кеңесті тыңдауға болатынын, бірақ өз өміріне қатысты дүниеде нақты шешімді әрдайым адамның өзі қабылдау керегін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.