Бұған дейін әлеуметтік желілерде аталған бейнежазба тарап, оны алдын ала болжам бойынша, Шымкент қаласының бұрынғы полиция қызметкерлері жариялағаны айтылған.
Әлеуметтік желіге тараған Нұрай Серікбайдың видеосы: полицейдің әрекеті тексеріледі
189
оқылды

Іс материалдарындағы Нұрай Серікбайдың қатысуымен түсірілген бейнежазбаны таратқан полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде аталған бейнежазба тарап, оны алдын ала болжам бойынша, Шымкент қаласының бұрынғы полиция қызметкерлері жариялағаны айтылған.

Бейнежазбада Нұрай Серікбай өзін мәжбүрлеп тұрмысқа шығару мақсатында алып қашпағанын және сол күні күдіктіге өз еркімен көлікке отырғанын айтады. Сондай-ақ ол видеода аталған ер адамға қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізгені көрінеді.

Бұдан бөлек, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында бұрынғы полиция қызметкері қызметтен босатылуын әділетсіз деп бағалаған.