Мемлекет басшысы көтерген «Таза Қазақстан» идеясы бүгінде ел азаматтарының өмір салтына айналып келеді.
Жеңіс Қасымбек: Конституцияға «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» идеяларын енгізу – тұрақты даму моделін қалыптастыруға бағытталған
Фото: gov.kz
148
оқылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Конституциялық соттың кезекті отырысында әлем жұрты Қазақстан азаматтарының құқығы мен бостандығын мүлтіксіз сақтауға айрықша басымдық беретін ел ретінде танитынын сөз етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі Конституциялық сотта ұсынылып жатқан жаңа өзгерістер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» идеяларын нормативтік тұрғыда  бекіту көзделген.

– Бүгінде әлем жұрты Қазақстан азаматтарының құқығы мен бостандығын мүлтіксіз сақтауға айрықша басымдық беретін ел ретінде таниды. Ата заңымызда «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп» идеясын нығайтудың негізгі шешімі ретінде айқындалады. Бұл бастама болашақ ұрпақ үшін бірлік пен ынтымақты, этносаралық және конфессияаралық  келісімді одан әрі сақтаудың  берік іргетасына айналады. Мәселен, 2023 жылы Мемлекет басшысы көтерген «Таза Қазақстан» идеясы бүгінде ел азаматтарының өмір салтына айналып келеді. Азаматтардың қоршаған ортаға және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі маңызды. Бұл қағидатты негізгі постулаттардың бірі ретінде толық қолдаймын.

«Таза Қазақстан» – тек экологияға қамқорлық емес, бұл ойдың, сөздің тазалығы, іс-әрекеттегі жауапкершілік, заңға және қоғамдық құндылықтарға деген құрмет. Сондай-ақ күнделікті өмірде мәдениетті сақтау дегенді білдіреді. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген әрбір азамат прогрессивті, саналы әрі жауапты қоғам қалыптастыруға үлес қоса алады, – деді Жеңіс Қасымбек.