Азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту және қысым көрсету әрекеттерінің барлығы заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.
«Жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен»: Жетісуда дропперлікпен айналысқан үш жігіт ұсталды
912
оқылды

Жетісу облысында Киберполиция қызметкерлері азаматты банктік шоттар ашуға мәжбүрледі деген күдікпен 19-22 жас аралығындағы үш жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер өзара келісіп әрекет еткен және жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Құқық қорғау органдары ескертеді: дроп-схемаларға қатысу және банк деректерін үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту және қысым көрсету әрекеттерінің барлығы заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.