Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді.
«Мұғалімдерге аттестациядан өтуге көмектескен»: Шығыс Қазақстанда екі бірдей басшыны ұстады
259
оқылды

Қазіргі уақытта екі лауазымды тұлғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді.

Комитеттің ақпаратынша, күдікті жол құрылыс компаниялары мен автобус парктерінің өкілдерінен жалпы сомасы 134 миллион теңгеге жуық заңсыз сыйақы алған. Тінту барысында оның тұрғын үйінен 121,9 миллион теңге және 97,7 мың АҚШ доллары тәркіленген.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты да қылмыстық іс қозғалды.

ҰҚК мәліметінше, ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған. Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.