ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін, 30 қаңтар сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі («ЭКО ойл» ЖҚС – Қызылорда облысының шекарасы);
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Жолды 2026 жылғы 31 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.