Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұш­қышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталы­ғы ашылды. Аталған орталық ҚазҰУ мен Aerial Solutions ЖШС ара­сындағы өзара ынтымақтастық аясында іске қосылды.
Ұшқышсыз авиацияны дамытудағы жаңа қадам
111
оқылды

Жаңа ғылыми-инновациялық орталықта отандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) мо­дель­дерін әзірлеу, оқу-өндірістік зертханалар мен сынақ полигонын құру, сондай-ақ дуалды білім беру және сертификаттау бағдарла­маларын жүзеге асыру жос­пар­ла­нып отыр.

Сонымен қатар орталық ая­сын­да дрондар мен сервистерді ішкі және халықаралық нарыққа шығару, инновациялық стартап­тарды қолдау және коммерциялан­дыру көзделген. Жобаның іске асы­р­ылуы елдің цифрлық инфра­құры­лымын нығайтып, Қазақстан­ның азаматтық ұшқышсыз авиа­ция саласындағы мемлекеттік стра­тегиясын жүзеге асыруға елеу­лі серпін береді.

Ашылу салтанатына ҚазҰУ Басқарма төрағасы – Ректор Жан­сейіт Түймебаев, Aerial Solutions ЖШС Авиациялық оқу орта­лы­ғының бас директоры Пери­зат Құ­дайбергенова, Қорғаныс мин­истр­лігінің Ұшқышсыз ұшу жүйе­лерін дамыту және қолдану депар­та­ментінің басшысы Иса Тей­­мур­аз­ұлы, Қорғаныс министр­лігі Әуе қорғанысы күштері Әс­кери-әуе күштері қолбасшылы­ғының бас орталығының басшысы Сәкен Рүстемов, Ұлттық қауіп­сіздік ака­демиясының кафедра меңгерушісі Артур Имашев, Қазақстан авиация әкімшілігінің Лицензиялау депар­таментінің директоры Әділжан Сұлтанов қатысты.

Жиынды ҚазҰУ басшысы Жан­сейіт Түймебаев ашып, орта­лықтың іске қосылуы Қазақстан­ның технологиялық дамуы үшін ерекше маңызы бар тарихи оқиға екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интел­лектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында: «Біздің ұлт ретінде бәсекеге қабілеттілігіміз бен егемендігіміз осы техноло­гия­ны қалай пайдаланатынымызға тікелей байланысты. Әр маман цифр­лық дағдыларды жетік меңге­ріп, жасанды интеллектінің мүм­кін­діктерін жұмыс барысында тиім­ді қолдана білуі қажет», – деп атап өткен болатын. Орталық ауқым­ды ғылыми жобаны іске асыруға, заманауи дрондарды жа­сап құрастыруға, білікті мамандар­ды даярлауға және студенттердің тағылымдамадан өтуіне кең мүм­кін­дік береді. Мұнда жасалған дрондар экономиканың түрлі сала­сында тиімді қолданылатын бола­д­ы», – деді ректор.

Өз кезегінде Aerial Solutions ЖШС Авиациялық оқу орталы­ғының бас директоры Перизат Құ­дайбергенова ҚазҰУ базасында ашылған Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ғылымды, білім беруді және зама­науи ұшқышсыз технологияларды біріктіріп, халықаралық стандарт­тарға сәйкес мамандар даярлауға мүмкіндік беретінін айтты. Бұл бас­тама жас мамандар үшін жаңа мүм­кін­діктер ашып, отандық авиа­ция­лық жобаларды әлемдік дең­гей­ге шығаруға маңызды үлес қосады.

Қорғаныс министрлігінің Әуе қорғаныс күштері бас басқарма­сының жетекшісі Сәкен Рүстемов жаңа орталықтың алдағы жұмысы­на табыс тілеп, орталық әуе қоз­ға­лысы саласының дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Шара соңында қатысушыларға орталықтағы заманауи құрылғылар мен аппараттар көрсетіліп, негізгі атқаратын жұмысы туралы ақпарат берілді.